Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

0
1130
Қазақстанның бірінші президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус табылды. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 18 маусымда twitter парағында хабарлады.

“Қазіргі уақытта бірінші президент оқшауланған. Өкінішке орай Елбасының соңғы тапсырған тестінен инфекцияның бар екендігі анықталды. Уайымдауға негіз жоқ”, – делінген хабарламада. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус табылып, ауруханаға түскен еді. Біртанов вирус жұқтырған соң онымен бірге болған премьер-министр Асқар Мамин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін оқшаулаған.

Осыған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, бұрынғы денсаулық вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз