Жеңілістен трагедия жасамайық – Тілеухан көкпардан жеңіліс тапқан ұлттық құрама турасында

0
107

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бойынша Қазақстан құрамасы жартылай финалда Өзбекстан құрамасынан жеңіліс тапса да,  жақсы деңгейде ойын көрсетті, деп мәлімдеді ұлттық спорт түрлері федерациясының басшысы Бекболат Тілеухан

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтті. Турнирдың көшбасшылары саналған көкпардан қазақстан құрамасы жартылай финалда Өзбекстан құрамасына есе жіберді. Нәтижесінде үшінші орынға таласқан отандық құрама Ресейді жеңіп, қола медальді місе тұтты. Sputniknews.kz ақпарына сәйкес, Қазақстан құрамасы жеңіліске ұшырағаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары сын айтып, ұлттық спорт бойынша федерация басшысы қызметінен кетуі қажет деген пікір айтылды.

Sputniknews.kz таратқан ақпарға сәйкес, Б. Тілеухан көкпаршылар ойынға дайындықсыз бармағанын алға тартады. Оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген, кіші және ересек құрама бар. “Бізде елде 300 көкпаршы бар”, – дейді Тілеухан.

Ұлттық спорт ойындары федерация басшысының сөзінше, көкпардан қола медальді місе тұтқан отандастардың нәтижесін нашар деп айтуға болмайды. Тілеухан Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан қатысқан Қазақстан құрамасының мүшелері жас екендігін алға тартады.

“Қырғызстанға ересек емес, кіші құрама аттанды. Олар да ірі сайыстарда бақ сынауға дайындық жасап жатыр. Бұл жеңілістен неге трагедия жасауымыз қажет? Өзбектердің несі жаман? Өзбекстан бұл – спорттық держава, оларың спортшылары өте мықты, олардың мүмкіндіктерін шектеудің қажеті жоқ”, – дейді Тілеухан.

Әлеуметтік желілерде өзін қызметінен кетсін деп талап еткен қазақстандықтарға ұлттық Б. Тілеухан жақсы кандидатура ұсынылса, орынын босататынын айтты.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз