Ақылы жолдар бойынша тарифтер қоғамдық тыңдауларда талқыланады

0
79

Ақылы жолдардағы оңтайлы тарифтерді таңдау мақсатында 2017 жылдың 24 қазанында тыңдау өткізіледі. Бұл туралы«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы (АҚ) «Нұрлы жол» инфроқұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар ақылы жолдарды кеңейту желісін жалғастыру үстінде.

Ақылы жолдардағы тарифтерді оңтайлы мөлшерде анықтау мақсатында «ҚазАвтоЖол»  Дүниежүзілік банкпен бірлесіп қоғамдық тыңдау өткізбек.

Ұйымдастырылған тыңдаулар барысында автокөлік құралдарының қоршаған ортаға  ықпалы мен әлеуметтік факторлар мәселесі қарастырылатын болады.

«Қоғамдық тыңдауға қатысуға мемлекеттік органдар мен Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері және барлық мүдделі тараптардың өкілдерін шақырамыз», деп мәлімдейді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Компания атынан ұйымдастырылып отырған тыңдау 24 қазан күні сағат 15:00-де Астана қаласы Дінмұхаммед Қонаев көшесі 8 үй, («Изумрудный квартал») «Б» блогының 26-қабатында «Түркістан» конференция залында өтеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз