Қазақстанда суық күтілуде

0
158
дереккөзден

Синоптиктер осы жылдың 28-30 тамызына ауа-райы болжамын жариялады.

“Қазгидромет” ақпарына сәйкес, алдағы тәулікте республиканың басым аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. “Күздегі салқындай сезілетін 2-3 °С құрайтын климаттық нормадан төмен ауа температурасы елдің солтүстік және орталық аймағында сақталады, елдің шығысы, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасы 1-3°С төмендейді. Қазақстанның тек батыс аймағында ғана Кіші Азиядан келетін циклондар әсерінен жауын-шашынсыз, +28…35° градустағы ыстық күтілуде. Кей жерлерде +40 ° дейін жетуі ықтимал”, – деп хабарлайды “Қазгидромет”.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз