«Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылғалы бері Астанада жол көлік оқиғасы төмендеген, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевқа Әкімдікке берген мәлімдемесінде «Қазіргі күнде қала бойынша жол-көлік оқиғасының төмендеген байқадық. Өткен аптада 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді, біріне жаяу жүргінші кінәлі. Қаза болғандар жоқ», – деп айтты.
Оның мәліметі бойынша, өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда қала бойынша жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны төмендеген. Егер өткен жылы 18 болса, осы жылы – 8.
Жол-көлік оқиғасының төмендеуіне «Сергек» бейне-фото тіркеу жүйесі әсер еткен.
Еске салайық, «Сергек» бейне-фото тіркеу жүйесі бойынша Астана қаласында 3 435 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Сонымен қатар, камералар көмегімен 1000-ға жуық жол жүру ережесін сақтамаған, қоғамдық орындарда 345 тәртіп бұзушылық, 299 алькоголді ішімдік ішу, 100 ұсақ бұзақылық жәнеде басқа 1 720 заң бұзушылық тіркеген.
Жадыра Аманбайқызы