ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктер 18 саны бар арнайы сары нөмір алады. Бұл туралы 27 қаңтарда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.
“Уақытша тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ бастапқы тіркеу үшін төлем туралы түбіртек, мемлекеттік нөмір дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж. Сондай-ақ, жыл бойы кейінге қалдыра отырып, кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын төлеу мүмкіндігі пайда болды”, – деп хабарлады Қожаев ОКҚ брифингінде.
“Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары түсті нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі”, – деді ол.
“Егер азаматқа мұндай мүмкіндік берілсе және ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, онда оның құжаттары 1 наурызда аяқталады. Оның мемлекеттік нөмірі заңсыз болады. Әрине, полиция шектеу шараларын қабылдайды”, – деді ІІМ өкілі.
Еске салайық, 24 қаңтарда президент Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандықтар ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен жеке қолдануына уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды.