6 қазаннан бастап Қазақстанға келушілер үшін жаңа карантин ережелері күшіне енді. Бұл туралы @egovhelpkz телеграм каналы хабарлады.
Ережелер:
- ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктерді Қазақстанға кіргізбейді, ал ел азаматтары 2 күн карантинде болады;
- Covid-19 ПТР тесттің нәтижесі шығарылған уақыт шекарадан өту кезінде 72 сағаттан аспауы керек;
- Егер сіздің дене қызуыңыз жоғары болса, ПТР-анықтамасының бар-жоғына қарамастан, сізді карантинге стационарға жібереді;
- Екі күндік карантиндегі тексеру нәтижелеріне байланысты пациентті үйіне немесе инфекциялық стационарға жібереді.
Ереже күшіне енгелі Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында CОVID-19 ПТР анықтамасы жоқ 400 жолаушы карантинге жіберілген.