Fly Arystan Түркістаннан Стамбулға ұшатын рейстердің уақытын хабарлады

0
335
Түркістан халықаралық әуежайы.

Түркістан халықаралық әуежайынан алғашқы халықаралық рейс 21 наурызда Стамбулға ұшады. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады. 

Оқи отырыңыз: Түркістан халықаралық әуежайына алғашқы ұшақ қонды

Fly Arystan авиакомпаниясының Airbus-320 ұшағымен аптасына екі күн ұшатын рейстер санын аптасына жеті рейске дейін көбейту жоспарланған.

БИЛЕТ БАҒАСЫ ТУРАЛЫ

1 наурызда Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағытында ұшатын рейстің билеттері сатылымға шығарылды. Ең арзан билет 39 900 теңгеден (95 доллар) басталады.

Қазіргі уақытта FlayArystan, SCAT және Qazaq Air күн сайын Алматы мен Нұр-Сұлтанға Түркістан халықаралық әуежайынан ұшып жүр. Әуежайды 11 ай ішінде түркиялық YDA компаниясы салып, 2020 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берді.

Жылына 3 миллион туристке қызмет көрсету жоспарланған әуежайдан жақын арада Стамбул, Дубай, Мәскеу, Баку және Самарқандқа рейстер ашылады.

905 гектарға салынған және сағатына 450 жолаушыға қызмет көрсете алатын әуежайда ұзындығы 3300 м ұшу-қону жолағы, 2 такси жолы, 1 қызмет көрсету алаңы, 10 500 м2 әуежай терминалы және 12 800 м2 қосымша ғимарат бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз