Ан-26 апаты: Тірі қалғандарға ота жасалды

0
353
ALMATY, KAZAKHSTAN - MARCH 13, 2021: An Antonov An-26 military transport aircraft bound from Nur-Sultan to Almaty has crashed at Almaty International Airport, killing four crew members, the other two suffering severe injuries. The aircraft is the property of the Kazakh National Security Committee. Alikhan Sariyev/Tengrinewskz/TASS Êàçàõñòàí. Àëìà-Àòà. Âîåííûé ñàìîëåò Àí-26 íà ìåñòå àâèàêàòàñòðîôû â àýðîïîðòó Àëìà-Àòû. Ñàìîëåò Àí-26, ñëåäîâàâøèé ïî ìàðøðóòó Íóð-Ñóëòàí - Àëìà-Àòà, ïðèíàäëåæèò Àâèàöèîííîé ñëóæáå Êîìèòåòà íàöèîíàëüíîé áåçîïàñíîñòè (ÊÍÁ) Êàçàõñòàíà. Íà áîðòó íàõîäèëèñü øåñòü ÷ëåíîâ ýêèïàæà, â ðåçóëüòàòå ïðîèñøåñòâèÿ ÷åòûðå ÷åëîâåêà ïîãèáëè, äâîå ãîñïèòàëèçèðîâàíû ñ òÿæåëûìè òðàâìàìè. Àëèõàí Ñàðèåâ/Tengrinewskz/ÒÀÑÑ

13 наурызда Алматыдағы Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған екі экипаж мүшесіне ота жасалды. Дәрігерлер олардың ахуалы тұрақты ауыр дейді. Бұл туралы “Интерфакс-Қазақстан” агенттігі хабарлады.

Оқи отырыңыз: Алматы іргесінде ұшақ құлап төрт адам қаза тапты

“Зардап шеккендерге ота жасалды. Оларды аман алып қалу үшін бар жағдай жасалды. Жан сақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр” деді қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің өкілі ақпарат агенттігіне.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза тапқан әскери қызметкерлердің аты-жөні мен лауазымын жариялады:

  • Майор Барлықбаев Ғабит Есімдеұлы, 1984 жылы 19 қазанда туған, Авиация бөлімінің штурманы;
  • Капитан Баймұратов Досжан Ғалымбекұлы, 1985 жылы 15 желтоқсанда туған, Авиация бөлімі ұшу тобының борт технигі;
  • Аға лейтенант Сағымбаев Мұхтар Қажымұқанұлы, 1994 жылы 24 қарашада туған, Авиация бөлімі ұшу тобы экипажының штурманы;
  • Сержант Васильков Евгений Борисович, 1985 жылы 10 қарашада туған, Авиация бөлімі ұшу тобының аға борт механигі.

13 наурыз күні Алматы әуежайына қонар сәтте Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті авиация қызметінің ұшағы Ан-26 апатқа ұшырады. Ұшақ ішінде алты экипаж мүшесі болған. Оның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Екеуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз