19 мамырда Қазақстанның кей өңірінде ауа райы бұзылады. Осыған байланысты Kazhydromet.kz болжам жариялады.
19 мамырда Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Күндіз 37 градусқа дейін ыстық болады.
Атырау қаласында күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Күндіз 19 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық (+35 градус) болады, дегенмен облыстың батысында найзағай, дауыл және бұршақ жаууы мүмкін.
19 мамырда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, күндіз кей жерлерінде екпіні 16 м/с дейін барады.
Ақтөбе қаласында күндіз 19 мамырда найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды
дауыл, ал түстен кейін найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с
болады.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. Бұдан бөлек 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін. 20-21 мамырда түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.
Көкшетау қаласында 19-20 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20
м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда кей жерлерде тұман
болуы ықтимал. 19-20 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Петропавл қаласында 19 мамыр түнде найзағай және дауыл күтіледі. Тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 21 мамырда жауын-шашын жауып соңы қарға ұласады. Күндіз 20 мамырда ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 21 мамыр түнде кей
жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Семей қаласында 19 мамыр күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде қатты
жаңбыр жауады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі.
Жезқазған қаласында 19 мамырда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күндізгі екпіні 15 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 19 мамырда ауа температурасының 18-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Кей уақыттарда найзағай күтіледі, Бұдан бөлек бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с.