Қазақстанда 3 миллионға жуық адам вакцина салдырды

0
241

23 мамыр таңертеңгі ақпаратта 2 857 255 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 1 753 969 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 1248 адам вирус жұқтырып, 12 адам қайтыс болды. 1168 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 81 адам жұқтырып, 1 адам қайтыс болды. Пневмониядан 29 науқас емделіп шықты.

Қазіргі таңда 21 449 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 6 325 пациент стационарда, 15 124 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 413 адамның жағдайы ауыр, 95 адамның жағдайы өте ауыр және 66 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз