Биыл Нұр-Сұлтан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысында жазылған.
Оқи отырыңыз: Мүфтият құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады
Құжатқа сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарының Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге де және қатысуға тыйым салынады.
“Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде “Айт намазы” ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады”, – делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.
Құрбан шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы ұйымдастырылады.
Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілде.