2021 жылы «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жас патриоттардың басын қайта біріктіреді. Бұл жиын осы күзде онлайн-режимде өтеді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
Қатысушылар үшін әскери-қолданбалы спорт түрі, зияткерлік турнирі, жас тілшілер байқауы мен робототехника және тағы басқа байқаулар ұйымдастырылады.
Жарыстың барысын кез келген интернет қолданушысы «Айбын» жиынының сайтынан көре алады.
“Айбын” республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру болып табылады.