Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысындағы жарылыстан азаматтардың қаза табуына байланысты 29 тамыз Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
“Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 29 тамызда жалпыұлттық аза тұту жариялансын”, – делінген хабарлады.
26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс пен өрт салдарынан 12 адам мерт болған, 98 адам зардап шеккен.