“СК-Фармацияның” бұрынғы басшысы сотталды

0
75
Берік Шәріп. Photo: Tengrinews.kz

“СК-Фармация” ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Берік Шәріп 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлады.

“Шәріптің өзінің лауазымдық міндеттерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны анықталды. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылып, ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша жаңа айыптау үкімі шығарылды. Шәріп үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды”, -делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

4 тамыз күні бірінші сатыдағы сот Берік Шәріпті қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану айыбы бойынша ақтаған. Оған заңсыз қару сақтағаны үшін 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Айыппұл Шәріптің 2020 жылдың тамызынан бері қамауда отыру есебінен жабылған.

Берік Шәріп 2020 жылдың 14 тамызында жемқорлық ісі бойынша ұсталған. Оған төтенше жағдай тұсында медициналық құрылғыларды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, заңсыз қару-жарақ ұстау айыптары тағылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз