3 қаңтарда Жаңаөзендегі көлік жүргізушілерінің ереуілінен кейін Маңғыстау облысының АЖҚС (Автокөліктерге жанармай құю станциясы) иелері газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Президент Тоқаев Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты жағдайды тез арада реттеуге тапсырма берді. Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) January 2, 2022
“Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатын болады”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтар күні көлік жүргізушілері әкімдік алдында шеру жасап, көлік жолын жауып тастады. Олардың талабы көлікке жанармай орнына қолданатын газдың бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін түсіру.