12 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға іс-сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Президент іс-сапар кезінде жедел штабтың жиналысына қатысқан. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, наградалар табыстаған.