13 қаңтарда үкіметтің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.