Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтардың арбауына түспес үшін ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Қазақстан Ұлттық банкі өздерін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтарының «заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция» жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіретін әрекеті пайда болғанын ескертеді”, – делінген хабарламада.
Қосымша кеңес:
банк картасы туралы ақпаратты, интернет-банкингке логиндер мен парольді, алынатын sms-кодтарды, өзінің дербес деректерін беруге болмайды;
белгісіз немесе күмәнді сайттарда мобильді телефон нөмірін көрсетуге және банк картасымен төлем жасауға болмайды;
әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Ұлттық Банк атынан» жалған жарнамалық хабарларды елемеген жөн;
сізге немесе жақындарыңызға ақша аудару туралы ұсыныстарды алған жағдайда, аударымның мақсатын ресми дереккөзден анықтап, сізге сондай төлемнің тиесілі екенін қайта тексеру қажет.