Желтоқсанда Астана-Анкара бағытында жаңа әуе рейстері ашылады

0
174
Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы. Photo: avianews.com

Turkish Airlines әуе компаниясы желтоқсан айында Астана мен Анкара арасындағы рейстерді, ал қарашада Алматы – Анкара бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

“Түрік Turkish Airlines әуекомпаниясы 20 қарашадан бастап А – 320 және Б-737 типті ұшағымен аптасына 2 рет Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 5 желтоқсаннан бастап әуекомпания Қазақстан мен Түркия астаналары арасында аптасына 2 рет А-320 және Б-737 типті бортпен дүйсенбі және сәрсенбі күндері жаңа рейсті іске қосуды жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін тағы бір түрік Авиакомпаниясы-Pegasus Airlines 1 қарашадан бастап Алматы мен Анкара арасында жаңа бағытты іске қосқаны хабарланған болатын. Қалалар арасындағы тұрақты рейстерде аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі күндері А320 және В737 ұшақтары қатынайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз