Президенттікке үміткерлер арасында теледебат өтеді

0
211
фото: jambylinfo.kz

11 қарашада президенттікке үміткерлер арасында телевизиялық дебаты өтеді. Алайда оған президент Тоқаев қатыспайды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Сайлауалды телевизиялық дебат – 2022” деп аталатын пікірсайыс Хабар арнасынан Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де тікелей эфирде көрсетіледі. 

Оқи отырыңыз: Президенттіктен үміткерлердің бір теледебатына 63 млн теңге бөлінеді

Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады:

  • Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.
  • Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды. 
  • Үшінші раунд – «Сайлаушылардың сұрақтары». 2022 жылдың 10 қарашасына дейін «Хабар» Агенттігінде «Үміткерге сұрақ қой!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жолдады.  
    Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі. 
  • Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова Тоқаевтың орнына дебатқа мәжіліс спикері Ерлан Қошанов келетінін айтты. Президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы кезектен тыс өткен сайлау кезінде де тікелей эфир дебатына қатыспаған. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та президент сайлау кезіндегі дебаттарға ешқашан қатысқан емес.

Оқи отырыңыз: Қ. Тоқаев 10-11 қарашада Өзбекстанға барады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз