Парамен ұсталған білім басқармасының басшысы 11 жылға сотталды

0
171
фото: alataunews.kz

Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

“О. және А. сот үкімімен ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Бұдан бөлек өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді”, – делінген хабарламада.

Білім беру саласындағы төрт мемлекеттік қызметші сөз байласып пара алды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, М. және Н. 11 жылға бас бостандығынан айыра отырып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыруға кінәлі деп танылған.

Сот коронавирус пандемиясы кезеңінде 2020 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Майгүл Омарова А. – мен сөз байласып, Алматы облысының білім беру мекемелерінде оқушыларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізуге М. және Н. фирмасымен мемлекеттік сатып алу шарттарына қол қойған.

Осылайша, Н. және М. көмегімен ноутбуктерге белгілі бір ақшалай шығынсыз заңсыз “Microsoft Windows” бағдарламалық жасақтамасы орнатылған.

“Кінәлілердің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 122 996 086 теңге сомасында аса ірі мөлшерде залал келтірілді”, – делінген сот хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз