“Қабырғасында қоңыздар жүреді”: Депутат ҚТЖ вагондарын сынады  

0
34
фото: vlast.kz/ Жанара Каримова

«AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, премьерминистр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында темір жол көлігінің қазіргі жағдайын сынға алды.

«Жаз келсе болды, қоғамда темір жол жолаушылары тасымалы сапасының төмендігі сын көтермейді. Жыл сайын біз вагондар паркін жаңарту мәселелесін көтеріп келеміз, көптеген уәделер бар, бірақ іс жүзінде жоспарланған қарқындар сақталмайды. Қазіргі уақытта темір жол құрамының кемінде 60 пайызы тозған. Ал, министрлік пен Қазақстан темір жолы, вагондар паркін түбегейлі жаңартуды 2030 жылға жоспарлап отыр екен.  Осы орайда келесі жәйтті ескерген жөн деп есептейміз: Ұлттық компания 1997 жылы құрылды. Яғни 26 жыл күткеніміз аздай, енді тағы да 7 жыл күтуіміз керек. Күткен үмітіміздің ақталатынына сеніміміз аз. 2030 жылы қалған вагондар ескіріп, темір жол құрамы паркінің тозуы 80 пайыздан асып кетпейтініне кім кепіл», – дейді депутат.

Депутаттың айтуынша билеттің бағасы әр түрлі мобильді қосымшада өзгеше және де ресми сайттан тапшы маршруттарға тек жоғарғы орындарды сатып алуға болады.

«Кондиционер істемейтін, терезелері ашылмайтын, қабырғасында қоңыздар жүретін, қазіргі уақытта тозығы жеткен вагондарға жаз мезгілінде билет сатып алу арман болды. Ал, сәті түсіп билет тапқан бақытты жандарды вагонның ішіндегі нағыз масқара күтіп тұрды. Билет тапшылығымен қатар билет бағасының қымбатшылығын да көріп отырмыз. Олар әр түрлі мобильді қосымшаларда сатып алу кезінде ерекшеленеді. Ресми беттерде тапшы маршруттарға билеттерді сатып алу кезінде тек жоғарғы орындар қолжетімді. Бұл жыл сайынғы темір жол билеттері құнын субсидиялауға қомақты қаражат бөлінуіне қарамастан орын алып отыр. Жылына 24 миллиардтан астам тікелей субсидия алатын ұлттық компанияның жұмысын ретке келтіретін уақыт жетті», – деп депутат премьер-министрден осы мәселенің шешімін сұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз