«Әдейі жасалып отырған жемқорлық тетіктері»: Депутат ҚТЖ былығын әшкереледі

0
27
фото: Тұрар Қазанғапов

«Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Берденов, мәжілісте премьерминистр Әлихан Смайыловқа темір жолдағы жолаушылар мен жүк жылжымалы құрамының проблемалық мәселелері туралы депутаттық сауал жолдап, ҚТЖ мәселелерін айтты.

«Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ақпаратына сәйкес соңғы бес жылда ҚТЖ және оған бағынышты мекемелерде 136 қылмыстық іс қозғалып, 52 адам сотталған. Пара алу фактісі 70 пайыз, ұрлық 13 пайыз, ал қалғаны қылмыстық актіге қол қою, жұмысқа қабылдау, вагондар мен жүк тепловоздарын беруге байланысты болған. Тиімсіз басқару салдарынан саланың әбден тозығы жеткен», – дейді депутат.

Руслан Берденовтің айтуынша жүкті уақытылы тасымалдау үшін ҚТЖ кәсіпкерлерден пара талап етеді.

«Темір жолда 2022 жылы 1015 оқиға тіркелсе, оның 9-ы қақтығыс пен жолдан шығып кету және адам өліміне алып келген. Бүгінгі таңда ҚТЖ тарапынан тауарларды экспортқа және импортқа тасымалдау үшін жүк тасымалдау жоспарын түрлі сылтаулармен кешіктіріп келісу, кәсіпкерлерден әр вагонды келіскені үшін пара алу үрдіске айналған. Жоспардың келісімінсіз ешкім вагонды жүргізе алмайды. Бұл әдейі жасалып отырған жемқорлық тетіктері деп білемін», – дейді Берденов.

Мұнымен қоса депутаттың ақпараты бойынша, 2020 жылы ұлттық тасымалдаушының жұмысына аудиторлық тексеру жүргізілген. Тексеру есебінде 5 жылда ҚТЖ-да шығын үрдісі байқалған.

«Бұл шығын әкеліп отырған ұжым болып отыр», – дейді «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз