Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін дайындады:
- «Бағанашыл» ТК – Бостандық ауданы, Мамыр ауылы, 138/2, 138/3
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
Сараптамалық қорытынды – жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.
Мақсаты: бау-бақша өсіру үшін.
Бастапқы құжаттардың күшін жоюға талап арыз берілді.
- «Priority» клуб үйі – Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 194
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
Сараптамалық қорытынды – жоқ;
Жоба эскизі – жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.
Мақсаты: тұрғын үйді пайдалану және күтіп ұстау үшін.
Нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды.
Нұсқаманы мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап қою басталады.
- «Sofia Village» таунхаусы- Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Чапаев ШҚҚ, 1115/1.
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
СЖТ – жоқ;
Жоба эскизі – жоқ;
Мақсаты: жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін;
ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
- «Питтсбург» ТК- Алатау ауданы, Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24
СЖТ – жоқ;
Жоба эскизі – жоқ;
Сараптама – жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.
Мақсаты: өнеркәсіптік және өндірістік ғимарат үшін.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталған жоқ.
- «Sky Park» ТК – Медеу ауданы, Тайманов көшесі, 151
Тапсырыс беруші: Атриум Плюс ЖШС
СЖТ – жоқ;
ЭЖ – жоқ;
Сараптама – жоқ;
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама – жоқ.
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім бар.
Еске салайық, салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құжаттарының бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының Whatsapp желісіндегі +7 705 89 66 000 білуге болады.