Биыл тіркелген құқық бұзушылардың 30 мыңнан астамы жұмыссыздар

0
39

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар арасында биыл қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша, 30,1 мың жұмыссыз бар, бұл былтырғыдан 5,1 пайызға аз. Оның ішінде 5,5 мың азамат теріс қылық жасаған, 24,6 мың азамат қылмыс жасаған.

Ranking сайтының мәліметінше осы 24,6 мың адамның 10,7 мыңы орташа ауырлықтағы қылмыс, 8 мыңы ауыр қылмыс, 5 мыңы онша ауыр емес қылмыс, 959-ы аса ауыр қылмыс жасаған.

Заңды бұзатын жұмыссыздардың саны жылдан жылға азайып келеді. Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жұмыссыздардың ең көбі Алматы қаласында: 5 мың адам — былтырғыдан 27 пайызға артық.

Одан кейін Астана (3 мың адам, 5,8% көбейген) және Алматы облысы (2,4 мың, 40,7% азайған).

Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау (239 адам), Абай (710 адам) және Қызылорда (781 адам) облысында тіркелген.

Қылмыстық кодекстің баптары бойынша жұмыссыз құқық бұзушылардың 35,1%-ы ұрлықпен ұсталған: 10,6 мың адам — былтырғыдан 8,3% аз.

Жұмыссыздар арасында ең «танымал» құқық бұзушылық түрлерінің ішінде алаяқтық, ұсақ ұрлық, өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз айналдыру және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз