Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау аяқталды

0
60
Дереккөзден

Қазақстанда 5 қараша күні алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Бұл сайлауға 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала енді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше 1553 сайлау комиссиясы: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылған.

«Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың келуі – 62,79 %. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды», – делінген ведомство ақпаратында.

17 өңірдегі сайлау қорытындылары бойынша жалпыланған ақпаратты төмендегі сілтемеден көре аласыз: Сілтеме өту үшін басыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз