24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан.
Осылайша көкек ана балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған. Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған. Бұл іс бойынша “Кәмелетке толмағандар саудасы” бабымен, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Сәби балалар үйіне орналастырылды.
Аталған фактіні қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады.
Бұдан бөлек, елімізде “STOP-трафик” кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Операция барысында 39 қылмыс анықталды, деп жазады Polisia.kz.
ағза саудасының 1 фактісі;
еңбекке тарту мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі;
адам саудасының 7 фактісі;
жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 фактісі;
притон ұстау және жеңгетайлықтың 24 фактісі.