Дінтанушы, теолог, психолог, Астана қаласындағы “Ырыскелді қажы” мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында үйленетін кезде ұл мен қызың қандай қасиетіне қарау дұрыс екенін айтты.
Имамның айтуынша, қазіргі таңда отау құрамын деген [ұл/қыз] жас болашақ жарының өтірік айтпайтын қасиетіне мән берген жөн. Өйткені, опасыздық, күнә сол өтірік айтудан басталады.
«Мен қазіргі заманауи адамдарға бір нәрсе қарауға кеңес берер едім. Мейлі ұлға, мейлі қызға. Өтірік айтпайтын болса екен. Өйткені, опасыздық, күнә сол өтірік айтудан басталады. Өтірікті бір рет айтқан адам. Өмір бойы өтірік айта береді. Сол үшін Пайғамбар с.ғ.с не айтады? Үмбетіңде залымдар болады ма десе, болады дейді. Ұрылар болады ма десе, болады дейді… күнә істейтіндер болады ма десе, болады дейді. Өтірік, айтатындар болады ма десе, өтірік айтатындар менің үмбетімнен емес дейді»,-деді Нұрлан имам.