Қазақстанға қыс қашан келеді?

0
95
photo: ult.kz

Метеоролог мамандардың болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қар жамылғысы желтоқсанның алғашқы онкүндігінің соңында, ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында  түседі.

Қазгидромет, желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, сондай-ақ тұман, көктайғақ құбылыстары болады деп болжам жасаған.

Қазақстан аумағына тән емес жылы күз бен қыстың кеш келуі батыс және оңтүстік циклондардың жиі орын алуымен, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының келуімен байланысты. Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10° жоғары болды.

Көпжылдық бақылаулар бойынша Астана қаласында қар жамылғысының ең кеш жайғасуы 1967 жылғы 15 желтоқсанда (56 жыл бұрын) және 2008 жылғы 14 желтоқсанда (15 жыл бұрын) тіркелген.

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, елордада қар жамылғысының ерте жайғасуы – 10 қазан, орташа жайғасуы – 10 қараша, ал кеш жайғасуы -15 желтоқсан. Кейінгі үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында тұрақты қар жамылғысы тіркеліп, орташа биіктігі 8-13 см құраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз