Димаш Құдайберген беделді сыйлыққа ие болды

0
51

4 желтоқсанда әнші Димаш Құдайберген, жыл сайын табысталатын Сербияның “Karić brothers award” сыйлығын жеңіп алды.

«Құрметті достар, бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс», – деп бөлісті әнші әлеуметтік желісінде.

Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз