Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 7 миллион теңгеден астам бюджеттік несие ала алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Аталмыш бағдарламаға келесі саладағы мамандар қатыса алады:
- Денсаулық сақтау
- Білім
- Әлеуметтік қамсыздандыру
- Мәдениет
- Спорт
- Агроөнеркәсіптік кешен
- Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері
Әлеуметтік қолдау шаралары:
- 100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу
- Тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 млн.теңге) дейін бюджеттік кредит беру
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасы Банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылған. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/programm-bank/ онлайн режимінде қабылданады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн. теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке яғни 7,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.
Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылдан бастап іске асуда.