«Дипломмен ауылға» қатысушысына 2500 АЕК-ке дейін бюджеттік несие беріледі

0
85

Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 7 миллион теңгеден астам бюджеттік несие ала алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Аталмыш бағдарламаға келесі саладағы мамандар қатыса алады:

  • Денсаулық сақтау
  • Білім
  • Әлеуметтік қамсыздандыру
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Агроөнеркәсіптік кешен
  • Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері

Әлеуметтік қолдау шаралары:

  • 100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу
  • Тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 млн.теңге) дейін бюджеттік кредит беру

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасы Банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылған. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/programm-bank/ онлайн режимінде қабылданады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн. теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке яғни 7,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылдан бастап іске асуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз