Елімізде суицидті насихаттағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

0
46

Қазақстанда суицидке итермелегені және оны насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Мәжіліс депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.

Құжатта суицидтің алдын алу үшін қылмыстық кодекске жаңа екі құрам бойынша норма енгізілген: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау.

“Мысалы бұдан бірнеше жыл бұрын «Синий кит» немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челендждер болып тұрды. Суицидке итермелегені үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр”, – деді мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің жалпы отырысында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз