«Мектепте телефонға тыйым салынғаннан кейін не өзгерді?»

0
7
фото: google
"Балаңды оқыт, надандықтан құтқар, 
Өнер-білім үйрет, өзіңе тартқар."  
                                                                                       Абай Құнанбаев

Бұрын сабақ басталғанда сынып іші тып-тыныш болып, дәптердің сықырлаған дауысы естіліп тұратын. Қазір бір дыбыс жоқ. Сыныптағы балалардың бәрі экранға қадалып отырады. Қоңырау соғылса да орнынан қозғалмайды. Себебі үзіліс – олардың екінші өмірі басталатын уақыт.

Қазіргі заман – технологияның қарқынды дамып жатқан кезеңі. Ұялы телефон мен түрлі гаджеттер адам өмірін жеңілдетті. Бүгінде екінің бірінде смартфон бар. Әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында оны шамадан тыс қолданудан тәуелділік пайда болды. Осыған байланысты елімізде 2024 жылдан бастап оқушыларға сабақ уақытында телефон ұстауға заң жүзінде тыйым салынды. Үзіліс кезінде гаджеттерді пайдалануға әзірге рұқсат бар, алайда қазір бұл мәселе де талқыланып жатыр. Тыйымның негізгі мақсаты- кибербуллингтің алдын алу, оқушының сабаққа зейінін арттыру және сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұста ұлы Абай атамыздың айтқан сөзі еске түседі: “Балаңды оқыт, надандықтан құтқар”. Бірақ тыйым салып қана құтқара аламыз ба? Телефонды алып қойсақ, оның орнына не береміз? Кітап па, әлде бос дәптер ме? Тыйым -шешім емес, тек уақыт ұту ғана. Міне Абай атамыз оқытуды айтқан, баланы тыйып тастауды емес.

Айтпағым, қазір жасанды интеллект пен IT саласы қарқынды дамып жатқан шақта ChatGPT, Gemini секілді құралдар оқу процесінде де қолданыла бастады. Олардың пайдасы ақпаратты тез табуға, идея алмасуға, сондай-ақ күнделікті тапсырманы жеңілдетуге көмектеседі. Телефон- екі жүзді қылыш деуге боладыы. Бір жағымен білімнің мұхитына жүзіп кіресің, екінші жағымен өз-өзіңді жоғалтасың.

Дегенмен ғалымдар мен мамандардың айтуынша, мұндай жүйелерді шектен тыс пайдаланғанда баланың өз бетінше ойлау қабілеті төмендейді. Көп оқушы емтихан, сынақ, байқау тапсырмаларын тіпті үй тапсырмасын да телефоннан көшіріп алады. Бұл -сапалы білім емес, өзіңді алдау мен көзбояушылық.

Сонымен қатар телефон арқылы онлайн буллингтің жиі орын алуы да өзекті мәселеге айналды. Экранның арғы жағында отырып балағат сөз айту, кемсіту, қорқыту оқушылар арасында жиі кездеседі. Бұл әрекеттер заң алдында тікелей жауапкершілікке тартылады. Телефонның пайдасы да, зияны да бар. Алайда мектепте оны бақылаусыз ұстау оқушының болашағына қауіп төндіреді. Сондықтан қабылданған заң орынды. Оқушы өз біліміне сеніп, сапалы оқуға мүмкіндік алады. Қажет болған жағдайда мұғалімнің рұқсатымен ғана гаджетті қолдануға болады. Мектепте телефон қолдануға тыйым өте дұрыс шешім болды. Бала өз біліміне сеніп, болашағы үшін сапалы білім алады. Сонымен қатар елімізде шынайы білімді тұлғалар көбірек болады. Ендігі сұрақ: біз балаға телефонсыз әлемді көрсете аламыз ба? Әлде тек болашағындағы есікті жауып қоямыз ба? Қабылданған заң сөз күйінде қалмай, өз жалғасын тауып, толығымен қатаң болып, келер ұрпақ сауатты жандар болады деп сенемін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз