Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

0
259
Көрнекі сурет. Photo: zhambylatameken.kz

14-16 қазан аралығында Қазақстанның біршама бөлігінде жауын-шашынсыз салқын ауа райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек 16 қазанда солтүстік-батыс циклон жырасының ықпалымен Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіліп онымен қоса шаңды дауыл болады. Ауа температурасының негізгі фоны күндіз елдің батысында және солтүстік-батысында 15-23 градус аралығында жылы болса, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 7-15 аралығында температура сақталып, оңтүстікте температура 12-21 градус аралығында болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз