Павлодарда балалар мінген микроавтобус өртенді

0
190
Өртеніп жатқан микроавтобус. Photo: video screen

23 желтоқсанда Павлодар облысында Ефремовка мен Даниловка ауылдарын жалғайтын трассада оқушылар мінген микроавтобус өртенді. Ақпаратқа қарағанда, салонда алты бала болған. Ешкім зардап шекпеген. Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Аймақтың білім басқармасының мәліметінше, өрт шыққан кезде микроавтобуста алты оқушы мен жетекшісі және бір жүргізуші болған. Олар автобустан бірден шығып үлгерген. Артынша оқушылар үйлеріне жеткізілген. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға кезінде жетекші жүргізуші жанында болған, сол себепті балалар өздері есікті ашып, секіріп кеткен.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода автобустың жанып жатқаны көрінеді.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар келгеннен кейін өрт сөндірілген. Әзірге толық емес ақпаратқа қарағанда, автобустың электр сымдарынан от тұтанып, өртке ұласқан.

“Алдын ала ақпарат бойынша, салонның пеш жағындағы электр сымдарынан от шыққан. 16 желтоқсанда техникалық қызмет ету станциясында автобустың пеші ауыстырылған” деп жазды білім басқармасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз