Шаруалар нарықты Ресей өнімінен қорғауды сұрап жатыр

0
108

Солтүстік Қазақстандық фермерлер биылғы жылы ресейлік ауыл шаруашылығы тауарларының нарықтағы қысымы күшейгенін айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі World of NAN агенттігіне сілтеме жасап.

“Қызылжар сүт” ЖШС сүт-тауар фермасының директоры Олжас Бектасовтың айтуынша, биыл сүт сатып алу бағасы 250 теңгеден 205 теңгеге дейін төмендеген. Импорттық өнімдердің көптігіне байланысты зауыттар осындай қадамға баруға мәжбүр болған.

 «Біз ресейлік және беларусьтік сүт өнімдерінің қысымын көріп жатырмыз. Солтүстік қазақстандық сүт өңдеу зауыттарында, тауарлары кері қайтарылып, шығынға батып жатыр. Бұл әсіресе осы жылдың қаңтарынан бастап сезілуде. Біз нарықтың қандай да бір жолмен қорғалғанын қалаймыз», – деді О.Бектасов.

Оқи отырыңыз: Депутат: Ресейден келетін сүт өнімі – Контрафакт

“Северный бройлер” ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Талғат Мақтаев Аққайың ауданындағы құс фабрикасының жан айқайын жеткізді.

«Биыл нарыққа шыққан Ресейдің еті көп зиян әкелуде. Біз әрине бағаны төмендетуге тырысудамыз, алайда шығынға батқымыз келмейді», – деп шағымданды құс өсіруші.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз