Депутат: Ресейден келетін сүт өнімі – Контрафакт

0
51
Photo: Inform.kz

Абай облыстық мәслихатының депутаты және Аграрлық-өнеркәсіптік кешен мен экологияны дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі Талғат Баймұрынов осындай үлкен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі World of Nan агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресейден келетін сүт өнімдерінің 70 пайыздан астамы – контрафакт. Яғни өнімде сүттен ештеңе қалмайды десе болады. Осыны тұтынғаннан кейін қалай дені сау ұрпақ әкелеміз. Болашағымыз қалай болмақ?» – дейді депутат.

Оның пікірінше азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бірінші орында тұру керек. Отандық тәжірибесі бар кәсіпорындарға 2-5 миллиард аралығында қаржы бөліп, қолдау керек.

«Олар бір-екі жылда үлкен нәтиже көрсететін болады. Белгілі уақыттан кейін бөлінген ақшаны да қайтарады. Есесіне елімізде қуатты сүт өндірушісі пайда болады. Егер осындай 10-15 кәсіпорынды қаржыландырса, 2-3 жылда сүт мәселесі толықтай шешілер еді. Тіпті шетелге экспорт шығарар едік», – дейді Талғат Баймұрынов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз