Шығыста туристік жарна қымбаттады

0
142
Photo: el.kz

Шығыс Қазақстанда облыс орталығы мен 4 аудан туристік төлем мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі 24.kz сілтеме жасап.

Өскеменге келетін туристердің қатары жыл сайын артып келеді. Егер екі жыл бұрын (2021 жылы) облысқа саяхаттап келген шетелдіктер 5 мың 800 болса, былтыр 18 мыңға жуықтады. Сондықтан жарна мөлшері аймақта бірден жоғары деңгейге көтерілді.

Шырайлы өлке шығыс табиғатымен дара. Рахман бұлағы, Берел қорғаны, Шілікті жазығы Швейцарияның өзінен артық болмаса, кем болмайды. Мәселен Алтай тауларының жазы да, қысы да сұлу. Сонымен қатар, Бұқтырманың жағасы да демалушылардан азаймайды. Оған дәлел, Юлия Блинкова отбасымен бірге Ресейден осы жағалауды аңсап, әр жыл сайын сағынып келетінін айтты.

Енді шет мемлекеттен елімізге табан тірегендер қонақүйде қалған әр тәулігі үшін жарна төлейді. Мөлшерін алдыңғы жылғы туристер санымен салыстыра келе жергілікті маслихат бекітеді. 1-5 процент аралығында. Мәселен, Шығыс Қазақстан бұл тұрғыда бірден ең жоғарғы проценттік мөлшерге бірақ жетті. Өйткені алдыңғы жылдармен салыстырғанда өзге елден келушілер саны күрт өсті.

Марат Қабақов, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, ковидтен кейін 10 емес, 20 емес, 300 процентке бірақ жеткенін ескертеді. Сондықтан төлем максималды түрде 5 процентке көтерілді.

Сонымен Шемонайха, Алтай, Күршім, Қатонқарағай аудандары мен Өскемен қаласы шет елдік туристерге әзірге 5 процент жарна белгілеп отыр. Жалпы жиналған қаражат қайтадан дәл осы туризмді дамытуға жұмсалады дейді мамандар.

Нұртас Кәріпбаев, ҚР МСМ туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, жылдың басынан туристік жарнадан 300 миллион теңгеден астам қаражат жиналды.

Әзірге жарна сомасы бойынша көш басында Алматы тұр. Bed tax деп аталын бұл жүйе шетелдіктерге таңсық емес дейді сарапшылар. Тіпті көршілес мемлекеттер де осы қаражат арқылы туризм саласын дамытып жатқан көрінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз