Жекеменшік мектеп иелері қаржыландыруды көбейтуді сұрап отыр

0
76

Шымкенттегі жекеменшік мектеп басшылары мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін қаржы көлемін ұлғайтуды сұрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жекеменшік мектеп иелерінің айтуынша, жан басына бөлінетін қаржыландыру жүйесінен түсетін бюджет барлық шығындарды өтеуге жетпейді. Мәселен, мемлекет жылына әр оқушыға 445 мың теңге төлейді. Ал мемлекеттік мектептер қосымша 127 000 алады. Мұндай жағдайда мемлекеттік мектептермен бәсекелесу қиын. Кәсіпкерлер тең жағдайда жұмыс жасағылары келеді. Сонымен қатар жекеменшік мектеп басшылары оқулықтар мен әдістемелік құралдарды және ұстаздардың біліктілігін арттыру шығындарын мемлекет өз мойнына алуын сұрап отыр.

Диана Караманова, «Қазақстандық үздіксіз білім беру Қауымдастығы» ЖКмЗТБ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры:

Жекеменшік мектептерде бала саны жобалық қуатынан асып кетпеуіне қатты мән беріледі. Ал не үшін осы нәрсе мемлекеттік мектептерде ескерілмейді? Жекеменшік мектептерді негізінен толып тұрған мемлекеттік мектептердің қасына салады. Бірақ сонда да мемлекеттік мектептер толғыны толған. Ал жекеменшік мектептер сол күйі бос қалады.

Асқар Ибраимов, «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
Балаларды жеке меншік мектептер қызықтыра алса, онда мемлекеттік тапсырыс аясында тегін білім алуына еш кедергі жоқ. Тек сапалы қызмет көрсетіліп, оқушылардың ынтасын арттырса болғаны. Алайда басқа оқу ордаларына қарағанда мұнда қосымша мүмкіндіктер қаралған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз