Солтүстік өңірлерді не себептен түтін басқаны белгілі болды

0
203

Соңғы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің не себептен түтінге оранғандығы белгілі болды. Оған себеп Сібірдегі орман өрті болып отыр. 

NASA-ның Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған суреттер 26 шілдеден бері жалын құшағында қалған орман аумағы ұлғайып бара жатқанын көрсетіп отыр. Өрттің түтіні батысқа қарай тарап жатыр.

Соған байланысты, СҚО, ШҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын, Нұр-Сұлтан қаласын басып қалған түтін енді Қарағанды облысына тарап, тіпті Алматы облысының солтүстік аудандарына да жеткен.

«Қазгидрометтің» экологиялық мониторинг стансаларынан алынған деректерге қарағанда, Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумақтарында ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асып кеткен.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында ауада ластайтын заттардың жиналуына мүмкіндік беретін қолайсыз метеожағдай қалыптасты.

Аталған облыстарда жылдамдығы секундына 6 метр оңтүстік батыс желі байқалады, көп өңірде жаңбыр жаумаған, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында түтін байқалады.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз