Мемлекеттік құрылымдар отандық автокөліктерді алуға міндеттелді

0
67

Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алуларға импорттық автокөліктерге 2 жыл мерзімге тыйым салу туралы Қаулыға қол қойды.

«ҚазАвтоӨндіріс» автомобиль саласы кәсіпорындарының одағынаның мәліметі бойынша, мұндай қадам отандық нарықтың мүддесін қорғау үшін жасалып отыр.

«Тиісті қаулы күшіне енді және екі жыл бойы әрекет етеді. Құжат «СТ-КZ» нысанындағы сертификаттың міндетті талабы бойынша тек отандық өндірушілерден ғана мемлекеттік сатып алуды және жалға алуды жүзеге асыруды ұйғарады», – дейді автоөндірушілер одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

Қаулыны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

«Былтыр отандық автозауыттар шығарған өнімнің 11 пайызға жуығын мемлекеттік құрылымдар сатып алған. Конкурсқа қатысу үшін «СТ-КZ» сертификатының басты талап ретінде қойылуы мемлекеттік сатып алу рәсімін неғұрлым ашық етеді», – дейді Арутр Мискарян

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз