21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтінім берген

0
88
Photo: Tengrinews.kz

Биылғы 21 қыркүйектен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 200 мыңға жуық шетелдік азамат өтінім берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

“21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық өтінім түсті. Бұның ішінде барлық шетел азаматтары бар. Мен ЖСН беру туралы нақты ақпаратқа жауап бере алмаймын. Мұнда бизнес жүргізгісі келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін кез келген шетелдік азамат банктік шот ашады. Ол ЖСН алуға міндетті”, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере тұрып.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа байланысты ішінара моблизация жариялаған соң Ресейден қашқан, әскерге жарамды азаматтар күрт көбейген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз