Сапасыз интернет үшін байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төлеген

0
170
фото: diapazon.kz

Сапасыз интернет үшін еліміздің байланыс операторлары шамамен 271 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«Интернеттің сапасына қатысты біздің министрлік байланыс операторларының жауапкершілігін күшейту жұмысын жүргізіп жатыр. Мендегі бар ақпарат бойынша шамамен 271 миллион теңге айыппұл төленді. Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар байланыс сапасының параметрлері бекітілді. Интернет сапасына қатысты мәселе туындаса «Е-өтініш» жүйесі арқылы біздің министрліктің байланыс комитетіне жүгінуге болады. Содан соң біздің маман тексереді. Егер интернеттің сапасыздығы расталса, онда тиісті айыппұл салынады. Бүгінгі таңда операторлармен осындай жұмыс жүргізілуде», – дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Оның айтуынша, байланыс операторларының жұмысына қатысты қатаң шаралар қабылданған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз