28 келі зергерлік бұйымды Қазақстанға кіргізбек болған контрабандашы ұсталды

0
101

Құны 560 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымды елге заңсыз кіргізбек болған контрабандашы ұсталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Ыстанбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азаматты ұстаған.

Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген.

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асқан. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз