747 миллион теңге: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жүргізуде

0
309
Photo: inbusiness.kz

30 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Antikor news телеграм каналы хабарлады.

“Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”- делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Гүлмира Сатыбалды – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі.

Оқи отырыңыз: Қайрат Сатыбалды 2 айға қамалды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз