“Алматы” арнасы жаңа түрік сериалын ұсынады

0
607
Photo: Almaty.tv

“Алматы” телеарнасы “Әр жерде сен” деп аталатын түрік телехикаясын көрермендер назарына ұсынды. Бұл туралы Almaty.tv сайты хабарлады.

Телеарна сайтының хабарлауынша, “Әр жерде сен” сериалы көрермендердің көңілінен шығатыны хақ. Себебі сериалдың басты кейіпкерлері Демир мен Селиннің таныстығы ерекше болады.

Алаяқтар бір үйді екі адамға (Демир мен Селин) сатып, ақшасын алып, тайып тұрады. Үйге қожайын болған екеуі де қырсығып, бір-біріне бергісі келмейді. Сөйтіп, мінезі, көзқарасы, арманы бөлек екі адам бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болады. Алайда көп уақыт өтпей, екеуінің араздығы бәсеңдейді. Бір-бірін түсінісе бастаған жастардың жүрегінде нәзік сезім оянады.

Дүйсенбі-жұма күндері сағат 21.40-та экран алдына жайғасып, махаббатқа толы “Әр жерде сен” телехикаясын көріңіздер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз