Қазақстанға келетін туристердің саны 3,6 есе қысқарды

0
458

Пандемия салдарынан әлем бойынша туристердің келуі 3,8 есеге дейін қысқарды. Ал, шетелден Қазақстанға келетін туристердің саны 3,6 есеге дейін азайған. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлады.

Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы үш тоқсанында (соңғы тоқсанда әзірге деректер жоқ) елге келген туристер саны 6,4 млн (2019 жылы) адамнан бірден 3,6 есеге, яғни 1,8 млн адамға дейін төмендеді. Шетелге шыққан қазақстандық туристер саны 2,4 млн адам. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,4 есе аз.

Қазақстанда туризм саласын дағдарыстан шығаруға арналған Qazakhstan Travel and Tourism Council ресурстық орталығы құрылды.

Qazakhstan Travel and Tourism Council орталығының мақсаты мен міндеті:

  • Туристік бизнес өкілдеріне жобалар бойынша жәрдемдесу және құрылымдау бойынша қызмет көрсету;
  • Лобби жасау және тың жобаларды басынан бастап әзірлеу;
  • Жобалық менеджмент бойынша авторлық тренингтерді қоса алғанда, жоба менеджменті бойынша оқыту;

Британдық Brand Finance консалтингтік компаниясының дерегі бойынша Қазақстан дағдарысқа дейінгі 2019 жылы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі болды. Жүз үздікте Қазақстан 44 орынды иеленген. Бұл, 2018 жылмен салыстырғанда 7 саты жоғары.

Сонымен қатар, бүкіл әлемде коронавирус пен экономиканың тоқырауына байланысты барлық проблемаларға қарамастан, ел 2020 жылы да осы позицияны сақтай білген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз