Алматыдан Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

0
103
Сурет: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ “Алматы-2 – Достық” бағытында қатынайтын екі жолаушылар пойызын іске қосады. Тальго вагондарынан жасақталған құрамдар Алакөл бағытында жүріп тұрады.

№ 211/212 пойызының жүру жиілігі:

  • Алматы-2 станциясынан құрам 2022 жылғы 16 маусымнан 30 тамызға дейін жұп күндері жөнелтіледі. Достық станциясынан Алматыға 2022 жылғы 17 маусымнан 31 тамызға дейін тақ күндері жүреді.

№ 453/454 пойызының жүру жиілігі:

  • Алматы-2 станциясынан 2022 жылғы 16 маусымнан 30 тамызға дейін сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады. Достық станциясынан Алматыға 2022 жылғы 17 маусымнан 31 тамызға дейін дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүреді.

Жалпы биыл Алакөл бағытында 11 пойыз жүреді («Жолаушылар тасымалы» АҚ – 9, жеке тасымалдаушылар – 2), оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтаннан – 3 пойыз;
  • Алматыдан – 5 пойыз;
  • Шығыс Қазақстан облысынан – 1 пойыз;
  • Абай облысынан – 1 пойыз;
  • қаламаңы – 1 пойыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз